«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
01.06.2017
542 просмотров
1 маусымда «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Президиумының төрағасы РК Тимур Кулибаев Павлодар облысына жұмыс іс-сапары шеңберінде ПМХЗ болып, жаңғырту жобасының іске асырылуымен танысты.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС бас директоры Шухрат Данбай Тимур Кулибаевқа жаңа технологиялық объектілердегі: құрамдастырылған күкірт өндіру қондырғысы және жалпы сыйымдылығы 10 мың м3 жоғары октанды бензин (изомеризаті) компонентін сақтау екі сұйыққоймасын және қуаттылығы жылына 2 091 мың тонна бензин араластыру автоматты станциясын қоса, күкірт өндіру және изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысының құрылыс монтаждау жұмыстарының механикалық аяқталуы туралы хабарлады.
Құрамдастырылған күкірт қондырғысы құрылыс учаскесінде толығымен 100 % негізгі технологиялық жабдыққа арналған (9 431 м3). іргетасты бетондау аяқталды. Сондай-ақ металл құрылмаларды монтаждау жұмыстары толығымен 100 % (2 672 тонна) аяқталды. Инженерлік коммуникациялар құрылғыларды орнату (4370 м) аяқталды. Жабдықтар (257 бірлік) мен технологиялық құбырлар (42 км) толық монтаждалды.
Қазіргі уақытта объектіні іске қосуды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Осылай, жабдықтар мен басқару жүйесінің тұмшалануы мен жұмысқа қабылеттілігін тексеруге арналған судағы технологиялық контурлардың айналымы реттелді.
Мердігерлік жұмыстарды NFC қытай компаниясы орындайды. Бұл объектіге жұмылдырылған адамдар саны 582(олардың ішінде 103 жергілікті жұмыскер). Жұмысқа техниканың 44 бірлігі тартылған
Құрамдастырылған изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысында толығымен негізгі технологиялық жабдыққа арналған (11 986 м3) іргетасты бетондау аяқталды. Металл құрылмаларды монтаждау (4 074 тонна) 100 % аяқталды. Инженерлік коммуникациялар құрылғыларды орнату(5027 м) аяқталды. Толығымен жабдықтар (137бірлік) мен технологиялық құбырлар (43 км) толық монтаждалды. Қазір іске қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осылай, технологиялық желілерді үрлеу және гидросынау, динамикалық жабдықтарды (сорғылық жабдықтардың электрқозғалтқышы мен аумен салқындату аппараттарын) жұмыс істетіп төселту жүргізілуде.
Бас мердігер – Rominserv S.R.L. румын ұйымы. Жұмысқа жұмылдырылған адамдар саны 1 358 (олардың ішінде 510 жергілікті жұмыскер), техниканың 101 бірлігі тартылған.
Құрамдастырылған күкірт өндіру қондырғысын іске қосу-баптау жұмыстарын аяқтау тамыз айына, ал изомерлеу және нафта сплиттері қондырғысын – қараша айына жоспарланып отыр. Бұл уақытқа дейін кәсіпорын кепілдік пайдалану көрсеткіштеріне жетуі және жоғары октанды К4 экологиялық класты (Евро-4 ұқсас) автомобиль бензиндерін алуы тиіс. Жаңғырту аяғында жоғары октанды бензинді шығару 297 мың тоннаға ұлғаяды.
ПМХЗ жаңғырту шеңберінде қолданыстағы қондырғыларды қайта жаңарту жүргізілуде. Мұнайды бастапқы өңдеу кешенінде (ЛК-6У) дизель отыны мен керосинді гидротазарту, атмосфералық айдау, нафтаны гидротазарту каталитикалық риформинг қондырғылары. Осылай, осы уақытта зауытқа дизель отыны мен керосинді гидротазарту технологиялық үдеріс Лицензиарлары Haldor Topsoe даниялық компаниясы 490тонна катализаторы; изомерлеу лицензиялық үдерісі үшін (бензиннің октандық санын артыруға арналған үздік, UOP лицензиар – фирмасы) Penex технологиясы негізі, 114 тонна Puraspec 2443M және I-84 катализаторы, ал күкірт өндіру үдерісі үшін 44 тонна катализатор жеткізілді.
Дизель отыны мен керосинді гидротазарту қондырғысын қайта жаңарту кәсіпорынға 2017 жылғы қараша-желтоқсан айларында К4, К5 стандартты дизель отынын және авиациялық отынды шығаруды бастауға мүмкіндік береді.
Мұнайды терең өңдеу кешенінде (КТ-1) вакуум газойлін гидротазарту қондырғысы және каталитикалық крекинг қондырғысының реакторлық-регенераторлық блогі (РРБ) қайта жаңартылуда. РРБ қайта жаңарту кәсіпорынға гидротазартылған вакуум газойлін өңдеу қуаттылығын жылына 1 250 мың тоннадан жылына 1900 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«ПМХЗ» ЖШС жаңғырту» жобасын іске асыру Қазақстан Республикасының тұтынушыларын К4, К5, экологиялық кластың талаптарына сәйкес келетін сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге, жаңа технологияларды енгізу, автоматтандырылған басқаруды арттыру есебінен қоршаған ортаға әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Біздің анықтама:
Павлодар мұнайхимия зауыты – акцияларының 100 % «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тиесілі Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Кәсіпорынды жаңғырту жобасының мақсаты – К4 және К5 экологиялық класты мотор отынын шығару болып табылады. ПМХЗ жаңғырту жобасы бойынша барлығы 12 технологиялық қондырғы және жалпы зауыттық шаруашылық 18 объектісі салынуда және қайта жаңартылуда.
Тимур Асқарұлы Кулибаев – қазақстандық бизнесмен, қоғамдық қайраткер, экономикалық ғылымдар кандидаты. «Атамекен» Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлері палатасы президиумының төрағасы. «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымының қазақстандық ассоциациясының төрағасы. Бүкіләлемдік мұнай кеңесі (World Petroleum Council) Қазақстандық ұлттық комитетінің төрағасы. «Газпром» КАҚ директорлар кеңесініңмүшесі. Қазақстан Республикасы Бокс федерациясының президенті. Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықақылары мен құрмет атақтары бар: «Құрмет» ордені (2001), үшінші дәрежелі «Барыс» (2009), бірінші дәрежелі «Барыс» (2014), «Дружба» (РФ, 2007), «Аль-Фахр» муфтилер кеңесінің (РФ, 2010, 2016), 2-дәрежелі Русской православной церкви Святого благоверного князя Даниила Московского (РФ, 2010); мерейтойлық медальдар – «Қазақстан конституциясына 10 жыл» (2005), «Астанаға 10 жыл» (2008), «ҚР Тәуелсіздігіне 20-жыл» (2011), «Құрметті теміржолшы» медалі (РФ, 2011). Ғылыми және әбеди еңбектердің, бірқатар басылымдардың авторы.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу