Бүгін 2017 жылғы 21 маусымда «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мен «Эр ЛикидМұнай Тех Газы» ЖШС (ЭЛМТГ) арасында сутек пен буды сатып алуға және жеткізуге қатысты шартқа қол қою рәсімі өтті. Құжатқа ПМХЗ ЖШС-ның бас директоры Шухрат Данбай және ТМД елдері бойынша Air Liquid вице-президенті Olivier Randet қол қойды. «Экспо» аумағында француз павильонында Франция күні шеңберінде өткен іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ басшылығы, Air Liquid, ЭЛМТГ өкілдері, Францияның Қазақстандағы елшілігі, ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері қатысты.