ПМХЗ мен «Газпромнефть-ММӨЗ» ААҚ арасында тығыз іскерлік байланыс құрылды.
02.08.2017
493 просмотров
27-28 шілдедегі Павлодар мұнайхимия зауыты делегациясының Мәскеу мұнай өңдеу зауытына (ММӨЗ) іссапары ресейлік кәсіпорынмен берік іскерлік байланыс орнатумен аяқталды.
Бас директор Ш.Ә. Данбайдың басшылығымен ПМХЗ делегациясы «Газпромнефть-МНПЗ» АҚ-да болды. Павлодарлықтар үшін зауыт бойынша танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іссапар барысында біздің мамандар каталитикалық крекингті қайта жаңарту бойынша сұрақтарға толық жауап алды, себебі Мәскеу МӨЗ-і бұл жолдан өткен, ал қазақстандық МХЗ бұндай жобаны қысқа мерзім ішінде іске асыруы тиіс. Сондай-ақ әріптестер осындай жұмыстарды жүргізу барысындағы, Г43-107 құрамдастырылған каталитикалық крекинг қондырғысын іске қосу және режімге шығару кезіндегі қиындықтар мен проблемаларды талқылады. «ПМХЗ» ЖШС делегациясы вакуум газойлін гидротазарту, абсорбция және газбен фракциялау қондырғысын пайдалану бойынша кейбір мәселелердің басын ашып алды. ПМХЗ және ММӨЗ басшылары Шухрат Данбай мен Аркадий Егизарьян әңгімелесу барысында конструктивті жұмыс тәжірибесімен алмасты.
«Газпромнефть-МНПЗ» ААҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ратмир Суюндуков, ММӨЗ каталитикалық крекингті қайта жаңарту жобасының басшысы Денис Куленченко және каталитикалық крекингті қайта жаңарту жобасының бас инженері Александр Болгов Павлодарлық мұнайөңдеушілерге үлкен кеңес берді.
Бұл іскерлік байланыс екі компанияның өндірістік міндеттерін шешуге оң әсерін тигізетініне зауыт жұмыскерлері сенімді және ММӨЗ мен ПМХЗ арасында тиімді тәжірибемен алмасуға жәрдемдеседі.
Біздің анықтама: «Газпромнефть – Мәскеу МӨЗ» акционерлік қоғамы - «Газпромнефть» компаниясының ресейлік мұнай өңдеу кәсіпорны — жоғары октанды бензин мен дизель отынын өндіру саласындағы көшбасшы, жетекші жол битумын жеткізуші және Мәскеудің ірі салық төлеушісі.
Мәскеу МӨЗ астаналық отын нарығының 34% қамтамасыз етеді және мұнай өнімінің 30 атауын шығарады. Өнімнің негізгі бөлігі – мотор отыны, жол, құрылыс және полимермодификацияланған битум, жағылатын мазут, коммуналдық-тұрмыстық пайдалану үшін арналған сұйылтылған газ.
ММӨЗ жобалық қуаты - жылына 12,15 млн тонна мұнай.
Кәсіпорын аумағының ауданы — 286 Га.
Мұнайды өңдеу тереңдігі — 73–75%.
Ашық түсті мұнай өнімдерін шығару — 56–57%.
Мотор отындарының сапасы - Евро-5.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы саны — 2,1 мың адамнан артық.