«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
09.07.2025
42 просмотров
ПМХЗ-да Smart-каска және робот-ит сынақтан өтуде 2025 жылғы жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кезінде Павлодар мұнай-химия зауытында еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына цифрлық технологиялар енгізілуде. Қазіргі уақытта пилоттық режимде іске асырылып жатқан екі жоба – бейнебақылауы бар smart-каска және патрульдік i-Saq робот-ит.

Ақылды каска

Smart-каска – кіріктірілген бейнекамерасы, LED-шамы және WiFi модулі бар қорғаныстық дулыға. Ол бейнетрансляцияны нақты уақытта 4G мобильдік байланыс желілері арқылы жүргізеді.

Көрінетін оптикалық камераның сипаттамасы:

Фокустау қашықтығы — 0,5 метр
Объективті көру бұрышы — 140° 

Бейнетіркеу функциясынан бөлек, ақылды каскалар технологиялық қондырғылардағы қауіпті аймақтарда ереже бұзушылықтар мен ауытқулар туралы жарық сигналдары арқылы ескерту жасайды.

Касканың тиімді жұмыс істеуі үшін ол екіжақты аудиожүйемен, кіріктірілген микрофонмен және су өткізбейтін корпуспен жабдықталған.

i-Saq робот-ит

i-Saq роботы зауыт аумағын патрульдеу жұмыстарын атқарады, күкіртсутек ақауларын, персонал, техника және жүк көтергіш механизмдердің қозғалысын тіркейді. Жиналған деректер кәсіпорынның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметіне жіберіледі.

Бұдан бөлек робот дауыстық өзара әрекеттесу функциясымен жабдықталған және қызметкерлерден жұмыс жүргізуге арналған рұқсаттама мен куәліктерін сұрата алады.

Аталған технологиялар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның өндірістік үдерістерді цифрландыру және салалық нысандардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында енгізілуде.

Пилоттық режим алғашқы нәтижелерін көрсете бастады. Жұмыс жалғасуда.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Михаил Брюховец
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу