2017 жылғы шілдеде зауыт өндірген тауар автомобиль бензинінің көлемі 118 161 тоннаны, дизель отыны 146 253 тоннаны, сұйылтылған газдар 25 786 тоннаны, мазут 40 710 тоннаны, мұнай битумы 29 653 тоннаны құрады.
Ағымдағы жылғы 7 айда өңдеу және өнімді шығару көлемдерін 2016 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда оң динамиканы көруге болады. 2016 жылғы 7 айда мұнай өңдеу көлемі 2 785,6 мың тоннаны құрады, 2017 жылы 3 081,8 мың тоннаны құрады. Есепті кезеңде мұнай өнімдерін өндіру, атап айтқанда: бензин – 121,993 мың тоннаға немесе 15,5%-ға, дизель отыны – 91,964 мың тоннаға немесе 9,7%-ға, сұйылтылған газдар – 28,245 мың тоннаға немесе 17,4%-ға, мұнай битумы – 24,775 мың тоннаға немесе 18,5%-ға өсті.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі