«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
13.11.2017
532 просмотров
К4 экологиялық класты АИ-92 бензинінің бірінші партиясы 163 тонна көлемінде Павлодар мұнайхимия зауытынан 2017 жылғы 11 қарашада тиелді және алушыларға Алма-Ата-2 теміржол станциясына жөнелтілді.
Отын сапасы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы берген Кеден одағының сәйкестік туралы декларациясымен және «ПМХЗ» ЖШС-ның аккредиттелген зертхана берген «АИ-92-К4 автомобиль бензинінің өнім паспортымен» расталды.
Павлодар мұнайхимия зауытында жаңа өнімнің бірінші партиясының шығуы «ПМХЗ» ЖШС қайта жаңарту және жаңғырту» жобасының негізгі мақсатына қолжеткізу, мотор отынының сапасын Кеден одағының техникалық регламент талаптарына сәйкес К4 және К5 экологиялық класқа дейін жақсарту нәтижесі болып табылады.
Зауытты жаңғырту жобасы шеңберінде салынған жаңа жобалық қуаттар мен қондырғылар іске қосылғаннан кейін жоғары октанды бензиндерді өндіру жылына 1 081 мың тоннадан 1 492 мың тоннаға дейін немесе 1,4 есе артады. Сонымен қатар, халықаралық Jet A1 стандартты ауе отынын өндіру қамтамасыз етіледі.

Анықтама үшін:
«ПМХЗ» ЖШС-ны жаңғырту жобасы 2009 жылы басталды (техникалық-экономикалық негіздемесін Eni S.p.A итальяндық компания әзірледі). 2011 жылғы қазанда ТЭН «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алды, ал 2017 жылғы қазанда жаңғырту жобасы аяқталды.   

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу