«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
16.07.2025
34 просмотров
ПМХЗ: ыңғайлы тұрақ – жайлы жұмыс Павлодар мұнай-химия зауыты әлеуметтік бағыттағы кәсіпорын болғандықтан, зауыт қызметкерлері үшін үйден жұмыс орнына дейін және жұмыс орнынан үйге дейін қызметтік автобустармен тасымалдау қызметі ұйымдастырылған.
Сондай-ақ жеке автокөліктермен жүретін қызметкерлер үшін де қолайлы жағдай жасалған. Зауыт маңында бес күзетілетін автотұрақ аймағы бар: олардың біреуі – ақылы, төртеуі – тегін.

Ақылы автотұрақ Зауыт басқармасы ғимаратына қарама-қарсы орналасқан. Оны «Тотал Сервис» ЖШС жалға алып, қызмет көрсетеді.

Төрт тегін автотұрақ ПМХЗ әкімшілігінің бастамасымен және зауыттың қаржысынан жабдықталған. Олар келесі аймақтарда орналасқан:

— Өрт сөндіру депосының жанында;

— «Helios» жанармай құю станциясының қасында;

— Бұрынғы Нұрбанк ғимаратының жанында;

— №14 бақылау-өткізу пунктінің маңында.

Бұл – кәсіпорынның өз қызметкерлері үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы орта қалыптастыруға деген ұстанымының тағы бір айқын дәлелі.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Екатерина Лобашевская
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу