«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС
16.11.2017
570 просмотров
9 қарашада Қазақстан мен Ресей XIV аймақаралық ынтымақтастық форумы шеңберінде «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС мен «КОНАР» АҚ және «Газпромбанк» АҚ арасында стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісімге «ПМХЗ» ЖШС-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ермек Баймұханов, «КОНАР» АҚ бас директоры Валерий Бондаренко, «Газпромбанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ян Центер қол қойды. Бұл банк келісімге «КОНАР» АҚ тарапынан есеп айырысу ретінде қатысады.
Қол қойылған келісімнің мақсаты – кәсіпорынның өндірістік әлеуетін нарықтағы бәсекелестік позицияларының тиімділігін арттыру және жақсарту үшін бірлесіп пайдалану болып табылады. Ресейлік серіктестіктің мұнай өңдеу және мұнайхимия саласында талап етілетін кешенді инжиниринг, күрделі металл құрылымдарын, сорғылық агрегаттар мен электр қозғалтқыштарын өндіру саласында құзырлы өнеркәсіптік топ екендігін ескере отырып, Павлодар МӨЗ-і өз өндірісінің технологиялық үдерістерін жаңғыртуды жалғастыруда, екі компанияда ұзақ мерзімді қатынастарды құру үшін көптеген бағыттар бар.
«КОНАР» акционерлік қоғамы мұнай өңдеу және мұнайхимия технологиялық үдерістерін қамтамасыз ету үшін сериялы және стандартты емес құрал-жабдықтар мен техниканы әзірлеу және өндіру саласы бойынша маманданады, өз құрамында жобалық және конструкторлық бюросы бар. Компания Ресей мен ТМД елдерінде отын-энергетикалық кешенді дамытуды өз миссиясы деп біледі, әлемдегі үздік инженерлік жетістікті қолдану негізінде құбыржолдарды, тиісті объектілер мен жүйелерді салуда жобалау, құрылыс, құрастырушы, арматура шығарушы ұйымдармен және кәсіпорындармен бірлесе отырып өз миссиясын жүзеге асырады.   
Келісім шеңберінде кәсіпорындар ынтымақтастығын әрбір тараптың мамандарынан жұмыс тобын құру және олардың бірлесіп қызмет етуін ұйымдастыру жолымен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Тараптар құжатта техникалық және коммерциялық мәселелер бойынша қажетті ақпаратпен алмасу, өз әлеуетін бірлесіп пайдалануға ұмтылу, бизнестің екі жақты тиімділігін арттыру және бір-бірінің нарықтағы бәсекелестік позицияларын жақсарту ниетін білдіреді.  
Ресей мен Қазақстанның екі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы келісімі көршілес елдердің осы бизнес субъектілерін қосымша дамыту импульсін ғана беріп қоймай, сонымен қатар екі мемлекеттің – Кеден одағы мүшелерінің өзара пайдалы экономикалық және ғылыми байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.  

Анықтама үшін:
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС – акцияларының 100 % «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ тиесілі, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру бойынша ірі қазақстандық кәсіпорын және Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Зауыт 1978 жылы пайдалануға қосылды және батыс-сібір кен орындарының мұнай шикізатын өңдеуге арналған.
«КОНАР» АҚ (Ресей Федерациясы, Челябинск қаласы) – мұнай-газ саласы үшін сериялы және стандартты емес құрал-жабдықтарды әзірлеу және өндіру саласында маманданатын ірі ресей кәсіпорны. Компания кешенді инжиниринг саласында құзыреті бар, механикалық өңдеу бойынша білдек жабдығының ірі паркі, құрастыру-сынау кешені, инженерлер орталығы да бар.    
КОНАР өнеркәсіптік топтың кәсіпорындары географиялық тұрғыдан Ресейдің            8 өңірінде орналасқан: олар, Челябинск, Владимирский, Волгоградский облыстартындағы өндірістік алаңдар және Мәскеу, Санкт-Петербург, Самара, Пермь, Иркутск қалаларындағы ресми өкілдіктер.   
Топтың кәсіпорындарында импорттың орнын басу шеңберінде өнім шығарылады, трансфер мен озық шетел технологиялық пайдалану қамтамасыз етіледі. Ресейлік және шетел компанияларымен бірлескен өндірістер іске қосылды.    
«Газпромбанк» АҚ (Ресей Федерациясы) барлық негізгі көрсеткіштері бойынша Ресейдің үш ірі банктерінің бірі және өзіндік капиталының мөлшері бойынша Орталық және Шығыс еуропа банктерінің тізімінде үшінші орында. Ресей экономикасының негізгі салаларына қызмет көрсетеді. Келісімге «КОНАР» АҚ тарапынан есеп айырысу ретінде қатысады.   

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу