Өз сөзінде ол бұл жарыстар зауыт қызметкерлері үшін есте қаларлық оқиға боларына сенім білдірді. Бас директордың айтуынша, мұндай шаралар ең алдымен мұнай өңдеушілердің жұмыс орнынан тыс жерлерде де өздерінің ең үздік қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Сөзінің соңында Мәждай Мағауияұлы зауыт әрдайым салауатты өмір салтын және ұжымдық ауызбіршілікті қолдайтынын атап өтті.
ПНХЗ командасы жеті спорт түрінен жарыстарға қатысады: баскетбол, волейбол, киберспорт, арқан тарту, жүзу, армрестлинг және садақ ату. Делегация құрамында 46 зауыт қызметкері бар.
Сапарды ұйымдастырумен «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы айналысуда.
ПНХЗ командасына сәттілік пен жарқын жеңістер тілейміз!
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Илья Величко