Павлодар мұнайхимия зауытының делегациясы құрамында бағдарламаның жеті түрі бойынша: баскетбол, волейбол, киберспорт, арқан тарту, жүзу, қол күресі және садақ ату бойынша бақ сынаған 46 қызметкер болды. Сапарды «Мұнайөндеуші» Жергілікті кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.
Жарыс басталысымен зауыт өкілдері садақ атудан жақсы нәтиже көрсетіп, әйелдер арасында Бағдатгүл Кенженова үшінші орынды иеленді.
Жүзуден 40 жастан жоғары ерлер арасында Виталий Гайдаенко күміс алса, Наталья Берсенева осы жастағы әйелдер арасында екінші болып жүзген.
Командалық есепте ПМХЗ волейболшылары «ҚМГ Инжиниринг» пен «Қазақойл Ақтөбе» командаларын 2:0 есебімен жеңді.
Баскетболшылар да өздерін көрсетіп, «Ембімұнайгаз» (57:28) және «Маңғыстаумұнайгаз» (68:20) командаларын жеңіп, 1/4 финалда «ҚМГ Инжинирингті» 70:25 есебімен ұтты.
Волейболдан өткен турнирдің қорытындысы бойынша біздің зауытымыздың ерлер командасы үшінші орынды иеленсе, Әсет Бәйтенов үздік мерген деп танылды.
Баскетболдан (ерлер) де үздік үштікті Павлодар мұнай-химия зауытының командасы түйіндеп, Игорь Гребенников үздік қорғаушы атағын алды.
Әйелдер арасында армрестлингтен Ольга Деревягина бесінші орын алды.
Сондай-ақ, ПМХЗ-ның арқан тартудағы мықтылар, волейболдан әйелдер құрамасы, киберспортшылары да жеңіске деген құлшынысын көрсетті.
Спартакиада «ҚазМұнайГаздың» спортты және салауатты өмір салтын насихаттауға деген ұмтылысын тағы бір паш етті. Павлодар мұнайхимия зауыты корпоративтік дәстүрлер мен командалық рухты нығайта отырып, бұл бастаманы әр қашан қолдайды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото- ҚазМұнайГаз, қатысушылардың жеке мұрағатынан