Павлодар МӨЗ сутек өндіру қондырғысында іске қосу жұмыстарын аяқтады
21.12.2017
574 просмотров
19 желтоқсанда Павлодар мұнайхимия зауыты сутек өндіру қондырғысын (СӨҚ) іске қосты.
13 желтоқсанда Павлодар мұнайхимия зауыты СӨҚ жөндеу жұмыстарын аяқтап, 15 желтоқсанда іске қосу жұмыстарына кіріскенін еске сала кетейік.
20 желтоқсанда қондырғы күкірт өндіру кешеніне, дизельді отынын гидротазарту, нафтаны гидротазарту, изомерлеу қондырғысына сутегін берумен 20 мың н.м³/сағ (сағатына қалыпты текше метр) жобалық қуаттылығына шықты. Тәуліктік дизель отынын өндірілімі 4400 тоннаны құрады.
22 желтоқсаннан К4 класты дизель отынын өндіруге кірісу жобаланып отыр.
25 желтоқсанда изомерлеу қондырғысын режімге шығарғаннан кейін кәсіпорында Кеден одағының Техникалық регламентіне сәйкес К4 автомобиль отынын өндіруге қажетті барлық компоненттер алынатын болады.
30 желтоқсанға қарай зауыт К2 класты жанармайларды жөнелтуді тоқтатуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, дизельді отыннын өндіру мұнай жүктемесін арттырмай, тәулігіне 4 400-ден 5000 тоннаға, ал бензиндерді– тәулігіне 3 600-ден 4 600 тоннаға дейін ұлғаяды.
Анықтама: Қалыпты текше метр – «қалыпты жағдайлар» (қысым 760 мм рт. ст, яғни 101 325 Па және температурасы 0 ° C) жағдайында газ тәріздес күйде бір текше метрді ұстайтын зат мөлшерін өлшеу үшін жүйелік блоктан тыс бірлік. Ол «н.м³».деп белгіленеді.
Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім