«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
31.07.2025
2 просмотров
Қадор Байбакиров – ПМХЗ технологиялық қондырғылар операторы: өзіне талапшыл —ісіне берік адам

Павлодар облысының Успен ауданы, Лозовое ауылында дүниеге келген Кадор Байбакиров 1984 жылдан бері Павлодар мұнайхимия зауытында қызмет етеді. Қазіргі уақытта ол күкірт өндірісі мен жалпы зауыттық шаруашылықта 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы қызметін атқарады. 40 жылдан астам уақыт бойы бір кәсіпорында үздіксіз еңбек етуі оның кәсіби шеберлігінің тереңдігін, таңдаған жолына берік адалдығын айғақтайды.

Қадор Байбакировтың ұзақжылдық еңбегі «Зауытқа 35 жыл», «Зауытқа 40 жыл», «Қазақстан мұнайына 120 жыл» және «Қазақстан мұнайына 125 жыл» мерейтойлық медальдармен, сонымен қатар «Еңбек ардагері» медалімен, «ҚазМұнайГаз – Өңдеу және маркетинг» АҚ мен «Самұрык-Қазына» АҚ-ның Құрмет грамоталарымен жоғары бағаланған.

Сонымен қатар, Қадор Байбакиров – үлгілі отағасы, екі қызының дана әкесі. Ол нысапты, сөзге шыншыл, тұрақты және сабырлы адам ретінде танылған. Бірақ, сонымен бірге ол өзіне де, қызметтестеріне де жоғары талап қоятын, жұмысында қатаңдық пен табандылық танытатын тұлға.
Кадор Байбакиров – еңбекқорлық пен адалдықтың тірі үлгісі, кәсіби тазалық пен шеберліктің символы.

 
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Асылжан Жеңіс

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу