«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
01.08.2025
1 просмотров
Елу жыл бірге: зауытпен тамырласқан тағдыр Қазақстанда 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Осыған орай Павлодар мұнайхимия зауыты өз қатарындағы еңбек майталмандарының тағылымды өмір жолымен бөлісіп отыр. Біз олардың кәсіби шеберлігі мен жанкешті еңбегін ғана емес, өндіріс көлеңкесінде қалып қоятын адами болмыстарын да паш еткіміз келеді. Себебі ПМХЗ – тек мамандарды тәрбиелейтін өндіріс орны ғана емес, сонымен бірге адамдар тағдыры тоғысқан, достық пен отбасы бағаланатын орта. Мұның жарқын дәлелі – бүкіл саналы ғұмырын осы зауытпен бірге өрген Ташимовтар әулеті.

Олар зауытқа, қосып алғанда, 63 жылын арнады. Қазір Валентина мен Сейлхан Ташимовтар зейнетте, ал бүгін, 2025 жылдың 1 тамызында олар отасқандарына 50 жыл толуын – алтын тойларын атап өтпек.

Молодые Ташимовы

Валентина Шамировна өндіріс ордасында 38 жылға жуық уақыт қызмет етіп, тауар операторы ретінде адал еңбегімен танылды. Іскерлігі мен табандылығы үшін алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Ал Сейлхан Сапарович технологиялық сорғылар машинисі болып, 25 жыл еңбек етті. Оның да еңбегі еленіп, KAZENERGY қауымдастығының алғыс хатына және мерейтойлық медаліне ие болды.

Олар зауытта таныспаса да, отбасылық шаңырақтары дәл осы мұнайхимия кәсіпорнының аясында нығайды. Бүгінде Ташимовтар екі қыз тәрбиелеп өсірген ардақты ата-ана, төрт немере мен үш шөберенің сүйікті ата-әжесі. Елу жыл бірге өткізілген өмір – жай ғана мерейтой емес, ол – шынайы махаббаттың, мызғымас отбасы құндылықтарының және адал еңбек жолының символы. Ташимовтар әулетінің тарихы – зауытпен қатар жүрген, еңбек пен отбасы құндылықтарын ұштастырған шынайы өмірдің бір бөлігі.

Валентина Ташимова на ПНХЗ

Валентина Ташимова на ПНХЗ

Ташимовтар отбасысы

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото Ташимовтар отбасы мұрағатынан

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу