Көрменің басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастардың бұл салаларға қызығушылығын ояту.
Интерактивті тақырыптық алаңдарда келушілер облыс кәсіпорындарының тарихымен танысып, түрлі мамандықтарды тәжірибе және ойын түрінде көре алды. Көрме қонақтары виртуалды цехтар мен өндіріс орындарын аралап, жұмыс істеп тұрған технологиялық қондырғылардың макеттерін тамашалады. Мұндай экспозициялар жұмысшы мамандықтарының ерекшелігін және оларға қойылатын талаптарды жақынырақ білуге мүмкіндік береді.
Осы күні «Ertis Promenade» сахнасында өңірдің талантты жастары, форум делегаттары мен қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысқан «Жастар FEST» жастар фестивалі өтті.
ПМХЗ-ның жас қызметкерлері де фестиваль қонақтары қатарынан табылды.
Кештің басты оқиғасы – мемлекет басшысының форум қатысушыларына арнаған бейнеқұттықтауының көрсетілімі болды.
Бағдарлама «Open AIR» форматындағы үлкен дискотекамен аяқталды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко