«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
19.08.2025
67 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері Абай Құнанбайұлының шығармалары негізінде шабыттандырарлық бейнеролик түсірді Қазақ тілі корпоративтік курстары аясында, оқытушы Гүлназ Әлімқанованың жетекшілігімен, ПМХЗ қызметкерлері ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының жыр жолдарын сахналандырып, бейнеролик ұсынды.
Роликтің оқиғасы қысқа жұмыс үзілісінде өрбиді. Жұмысшылар білім алудың маңызы мен оған уақыт табу жайында ой бөліседі. Кейіпкерлердің бірі – қарапайым әрі білімге құштар жұмысшы болса, екіншісі – өзіне сенімді, «маған білімнің қажеті жоқ» деп ойлайтын адам.
Осы сәтте қолына кітап ұстаған дана басшы көрінеді. Ол Абайдың: «Ғылым таппай мақтанба…» деген өсиетін келтіріп, адам баласының шынайы күші – мақтан мен менмендікте емес, білімге ұмтылуда, еңбекте әрі кішіпейілділікте екенін еске салады.
Дана кейіпкер Абайдың «Бес асыл іс» пен «Бес дұшпан» туралы мәңгілік мұрасын түсіндіреді. Сонда тіпті ең қырсық кейіпкердің өзі де ойланып, даму мен еңбек болмаса, шынайы өсу де болмайтынын мойындайды.
Роликтің түйіні – кейіпкерлердің барлығы бірігіп көрерменге үн қатуы:
«Асық бол – талапқа,
Асық бол – еңбекке,
Асық бол – терең ойға,
Асық бол – қанағат пен рақымға!».
Бұл шығармашылық жоба жай ғана сахналық көрініс емес. Ол қазақ тілі мен Абай мұрасының күнделікті өмір мен кәсіби дамуға да шабыт сыйлай алатынын көрсетті.

ПМХЗ-дағы қазақ тілі курстары – жай сабақ қана емес, халықтың мәдениеті мен даналығына жақындасу, жаңа өрістерге жол ашатын мүмкіндік.

Видеобейнені сіздер ПМХЗ-ның телеграм арнасында, сонымен қатар, сайттың видео галереясында және инстаграмда көре аласыздар.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Видео - Асылжан Жеңіс
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу