Қазіргі уақытта зауыт кеңейтілген, яғни үш жыл сайынғы жөндеуаралық кезеңге көшуге дайындалып жатыр, бұл оның технологиялық тұрақтылығы артқанын көрсетеді.
Зауыт басшылығымен өткен жиында биылғы жеті айда атқарылған жұмыстың қорытындысы табысты болғаны атап өтілді: осы кезеңде кәсіпорын 3,1 млн тонна мұнай өңдеді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 142 мың тоннаға артық, сондай-ақ 890 мың тонна бензин мен 1,1 млн тонна дизель отынын шығарды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 41 мың тоннаға және 134 мың тоннаға көп. Зауыт тәулігіне рекордтық 18 мың тонна мұнай жүктеу деңгейіне жетті, яғни енді жылдық өңдеу 5,7 млн тонна көлемінде болады деп болжауға мүмкіндік бар.
Жуырда жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіліп, мерзімінен бір күн бұрын сәтті аяқталуы қосымша 11 мың тонна жеңіл мұнай өнімдерін шығаруға мүмкіндік берді.
Зауыттың операциялық тиімділігі де жоғары – жеті ай ішінде технологиялық отынды жағу мен қайтарымсыз шығын көрсеткіші 5,2% дейін төмендеді. Кәсіпорында жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жобалар қолға алынды, олардың мақсаты – сенімділік пен қауіпсіздікті одан әрі арттыру. Сараптамалық болжау жүйелері жабдықтың істен шығуын алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Ал қауіпсіздік ережелерінің сақталуына бақылауды күшейту үшін бейнебақылау жүйесі бар smart-каскалар мен патрульдік i-Saq робот-ит сияқты инновациялар қазірдің өзінде сынақтан өтіп жатыр.
Жалпы, ПМХЗ жоғары операциялық тиімділіктің нәтижесінде ішкі нарықты сапалы жанар-жағармай материалдарымен тұрақты қамтамасыз етуде.
ҚМГ баспасөз қызметі
"ПМХЗ" ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Илья Величко