«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
27.08.2025
102 просмотров
ПМХЗ Жастар істері жөніндегі кеңесінің белсенділері сап-серфингке арналған тимбилдингке қатысты Тамыздың тоғызыншы жұлдызында ПМХЗ Жастар істері жөніндегі кеңесінің белсенділері үшін «Мұнай өңдеуші» кәсіподағының қолдауымен сап-бордтардағы спорттық тимбилдинг ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – белсенді демалысты насихаттау және ұжымның ауызбіршілігін арттыру.
Қатысушылар Усолка жағасында жиналып, сап бордтармен Бұрма көліне аттанды. Жол бойы бір бірін қуып ойнау, сап-бордтардағы арқан татыс сияқты көңілді командалық жарыстар ұйымдастырылды. Шара достық әрі еркін атмосферада өтіп, әріптестерге бір-бірін қолдауды және топпен жұмыс істеуді үйретті.



Керемет күннің қорытындысы ретінде жағалауда пикник ұйымдастырылып, дастарқан жайылды. Бұл – жұмыстан тыс еркін әңгімелесудің тамаша мүмкіндігіне айналды.
Аталмыш шараға ПМХЗ Жастар істері жөніндегі кеңесінің 24 мүшесі қатысты. Олардың қатарында жаңадан қосылған белсенділер де болды:
Бауыржан Қабдуов пен Темірлан Рыспек (Мұнайды терең өңдеу өндірісі), Айсұлтан Серікпай мен Руслан Анисимов (Сумен жабдықтау және кәріз цехы),
Әмір Шарапиденов пен Антон Анурьев (Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі).


Сап-серфинг – су спорттарының салыстырмалы түрде жаңа түрі: классикалық серфингтен айырмашылығы – мұнда ескектер және орнықтырақ тақталар қолданылады. ПМХЗ жас мамандары жаңа белсенді демалыс түрін қуана меңгерді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу