«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
27.08.2025
52 просмотров
Мұнай өңдеушілер MunaiRunFest корпоративтік марафонына қатысты 23 тамыз 2025 жылы Павлодар мұнайхимиялық зауыты кең ауқымды MunaiRunFest корпоративтік жүгіру іс-шарасын ұйымдастырды. Марафон Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орайластырылған болатын. Іс-шара Ертіс халықаралық лыжа базасының аумағында (Усолка микрорайоны) өтті. Бұл іс-шара зауыт қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін денсаулық, энергия және командалық рухтың мерекесінде біріктірді.
Таңертең шаңғы базасының аумағында қуанышты ахуал болды. Қатысушылар тіркеліп, старт нөмірлерін алып, жалпы жылыну кезінде энергиямен толыды.


Қызу жаттығудан кейін ПНХЗ басшылығы марафонды салтанатты түрде ашты. Содан кейін барлық спортшылар стартқа шықты.


Спортшылар келесі қашықтықты жүгіруге тапсырды: 2,5 км — әйелдер, 5 км — ерлер.


Қолдаушылар үшін спорттық байқаулар, шығармашылық шеберхана сабақтары және «Кавертет» музыкалық тобының өнер көрсетуінен тұратын бай развлекательдік блок ұйымдастырылды.


Денсаулық мерекесінде зауыттың батырлары да өздерін көрсете алды — олар үшін арқан тартыс (арқан тарту) және гиря көтеру жарыстары ұйымдастырылды.

Арқан тарту:


1.  Мұнайөнімдерін компаундтау және жөнелту өндірісі.


2.  Зауыт басқармасы.

3.  Электрмен қамтамасыз ету цехы.

Гиря:

1.  Владимир Батяшов
2.  Аяз Хасенов
3.  Болат Искаков

Мереке марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құнды сыйлықтарды тапсыру салтанатымен аяқталды.


Ерлер арасында үздік жүгірушілер:
1-орын – Әлібек Мұсин;
2-орын – Адлан Ұрұмбаев;
3-орын – Рызбек Баданов.


Әйелдер арасында үздік нәтижелер көрсеткендер:
1-орын – Ирина Анисимова;
2-орын – Наталья Ярополова;
3-орын – Гүлмира Шарипова.



MunaiRunFest ПМХЗ-тің корпоративтік өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, ұжымдық бірлікті және зауыт қызметкерлерінің салауатты өмір салтына берілгендігін танытты!

«ПМХЗ» ЖШС жұртышықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Илья Величко
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу