Құрметті зауыт ұжымы!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн бізге Конституция қағидаттарын құрметтеудің, қоғам бірлігін нығайтуға ұмтылудың және еліміздің жарқын болашағы үшін ортақ мақсаттарға жетудің маңыздылығын еске салады.
Мемлекетіміз үшін ерекше маңыздылыққа ие мереке күні сіздерге және отбасыларыңызға амандық, табыс пен жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілеймін! Отанымыз өркендей берсін!
Құрметпен,
«ПМХЗ» ЖШС бас директоры
Маждай Ахметов