Шуақты көктем келіп, өзімен бірге тамаша мереке – Наурыз мейрамын ала келді!
Бұл көнеден келе жатқан мейрам халықтың сүйікті мерекелерінің біріне айналды. Барлығымыз бұл мерекені ұзақ, салқын қыстан кейін тебірене күтеміз, себебі Наурызда табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Наурыз – табиғат мейрамы: қар ериді, құстар келеді, бәйшешек гүлдеп, Жер-Ана оянады. Әрбір үйге жаңа үміт, жарқын болашаққа сенім әкеледі.
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге көктемгі жарқын көңіл-күй, барлық бастамаларыңызға сәттілік, жоспарлаған істеріңізге табыс тілеймін.
Наурыз мейрамы шығыстың жомарт мейманы сияқты әр үйге аса қымбат сыйлықтар: бақыт, мықты денсаулық, баланың шаттық күлкісін, отбасылық бақыт, қаржылық тұрақтылық әкелсін. Жақсылықтың жаршысындай болатын әз – Наурыз біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына мерейлі, халқымызға ырысты, берекелі, өркендеу жылы болғай!
Ізгі ниетпен, бас директор Оспанбек Әлсейітов