«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
05.09.2025
80 просмотров
Павлодарлық мұнай өңдеушілер кәсіби мерекелері қарсаңында марапатталды Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күні қарсаңында ПМХЗ - да қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Бірқатары медальдар мен естелік белгілерге ие болса, өзгелеріне Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді. Үздік мамандардың есімдері Құрмет тақтасына енгізілді.
Еліміздің мұнай-газ кешенін дамытуға сіңірген зор еңбегі үшін марапатталғандар:
• Кирилов И.Н., Кулешов И.В., Антоненко Ю.Б. – ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен.
• Нестеров Н.Н., Андреев А.А., Байғұндинова Е.К. – «Мұнай-газ химиясы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен.

ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен Иванов А.А., Жақұдаев Х.С. марапатталды.
ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен және «Самұрық-Қазына» АҚ қорының Құрмет грамотасымен Чернышев С.В.  марапатталды.

Байтаңай А.Б., Шәріпов Р.Б. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.
Сала абыройы мен қуатын арттырып жүрген қызметкерлерге табысталған марапаттар:
• Жарасов С.С. – «Самұрық-Қазына» АҚ қорының Алғыс хаты.
• Негманов М.К., Әбілханов Д.О., Даниленко В.В. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның естелік белгісі.
• Гаймбихнер Г.Г., Балюк М.А. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасы.
• Тұрғұмбаев Д.Т., Қайырбергенов А.Е., Башев А.А. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Алғыс хаты.
• Шахманов С.М. – Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы.
• Гаврилов Д.С. – Павлодар облысы әкімінің Алғыс хаты.


 «ПМХЗ» ЖШС Бас директорының Құрмет грамоталары Жанабаев С.Н., Шелест Э.О., Жексенова А.И., Гилазов И.Х., Кедов И.Г. есімді қызметкерлерге табысталды.
Салтанатты марапаттау рәсімінің соңында Құрмет тақтасына енген 12 зауыт қызметкерін құттықтады. Олардың қатарында Сиченко А.А., Ниязбеков Р.К., Шубников С.В., Старусев Е.С., Қалиев А.А., Ермулатов А.Б., Зарыққанов Е.Т., Бекшенов М.М., Маханов А.Д., Шеповалов Е.В., Боровлев А.А., Санникова М.А. болды.
Бұл күні барлығы 39 үздік қызметкер атап өтілді.


 «ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу