Павлодар мұнай өңдеушілері Шығыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдемдесу үшін шамамен миллион теңге жинады
27.03.2018
501 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауытының жұмыскерлері жинаған қаражатқа Шығыс Қазақстан облысында табиғи апаттан зардап шеккендер үшін негізгі қажетті заттарды жинақтады.
Осы жылы көктемде Шығыс Қазақстанда күрделі су тасу жағдайы орын алды. Нөсер жауынның салдарынан бірнеше аудан су астында қалды. Әсіресе Аягөз, Ұлан, Глубоковский аудандары және облыстық орталық – Өскемен қаласы зардап шекті. Аягөзде кішкене өзеннің су деңгейі он есе көтерілді, соның салдарынан үш шағын көпір мен 148 үй су астында қалды. Осы ауданда төтенше жағдай хабарланып, тұрғындар дереу көшірілді. Наурыздың ортасында 148 су астында қалған үйдің сегіз үйі құлады, 10 үй апаттық жағдайда.
«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының басшылығы көршілес өңірдің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмекті ұйымдастыру бастамасымен шықты. Қайырымдылық акциясын өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары қолдады.
Павлодар мұнай өңдеушілері бірнеше күнде 905 500 теңге жинады. Аутсорсингтік ұйымдардың – мұнай зауыты серіктестерінің жұмыскерлері де шетте қалмады. «МегаСтройПлюс» компаниясы 120 000 теңге, «ПродМастер ПВ» ЖШС – 78 000 теңге, «ENERGY SERVICE PVL» ЖШС – 137 500 теңге қаражат бөлді. Осылай, зауыт пен оның серіктестері барлығы 1 241 000 теңге жинады.
Осы қаражатқа өмірлік қиын жағдайға душар болған отандастарымызға негізгі қажетті заттар сатып алынды: 53 төсек орын жиынтығы, 53 көрпе, жастық және матрас, 560 шаршы метр линолеум. Сатып алынған тауардан 53 жиынтық құрастырылып, Аягөз ауданының әрбір қажет еткен отбасы үшін әрқайсысы тиянақты етіп қапталды.
ПМХЗ-ның тағы бір серіктесі – «Тотал Сервис» компаниясы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан қайырымдылық караваны құрамында осы гуманитарлық жүкті жеткізу үшін КамАЗ-ды ұсынды. 20 наурызда бағалы жүк салынған автомашина колоннасы Павлодардан Шығыс Қазақстан облысына жүрді. 600 шақырымнан астам қашықтықты өтіп, машиналар аман-есен жетті.
Павлодар мұнайхимия зауыты көршілес өңірлерге гуманитарлық көмекті бұрын да көрсеткен. 2015 жылы сәуірде ПМХЗ жұмыскерлері Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдемдесті, олар 8 млн астам қаражат жинап, осы қаражатқа 150 отбасыға гуманитарлық жүк жинақтады. Ал 2017 жылы павлодарлық мұнай өңдеушілер Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер үшін 2 миллион теңге жинады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі