«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
26.08.2025
16 просмотров
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС ақпараттық хабарламасы «Павлодар мұнайхимия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ПМХЗ» ЖШС) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес 2025 – 2034 жылдар кезеңіне арналған Экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) қоғамдық талқылау түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Бағдарламаның қоғамдық талқылауы 2025 жылғы 20 тамыздан бастап 2025 жылғы 17 қыркүйекке қоса алғандағы мерзімде «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» сайтында өтеді. 

Талқылауға шығарылған Бағдарлама 20 тамыздан бастап 2025 жылғы 17 қыркүйекке қоса алғандағы мерзімде «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» сайтында танысуға және ескертулер мен ұсыныстар енгізуге қолжетімді болады. Талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін ескертулер мен ұсыныстар қабылданбайды. 

Бастамашының реквизиттері мен байланыс деректері: «Павлодар мұнайхимия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі: заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, Химкомбинатовская көшесі, 1; бизнес сәйкестендіру нөмірі: 001140000362; Бас директор: Ахметов Маждай Магауяұлы; байланыстар: кеңсе: тел. нөмірі: 8 (7182) 39-65-51, 8 (7182) 39-63-97, электрондық мекенжайы: kanc@pnhz.kz; қоршаған ортаны қорғау қызметі: Нуракова Асель Батырканқызы, телефон нөмірі: 8 (7182) 90-42-17, 8 (701) 917 55 60, электрондық мекен-жайы: a.nurakova@pnhz.kz.

Құжаттаманы әзірлеушілердің реквизиттері мен байланыс деректері: «ГеоПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «ГеоПроект» ЖШС); заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Сарықамыс шағын ауданы, 19-үй; бизнес сәйкестендіру нөмірі: 980740004456; Директор: Ұлықпан Мұрат Ерсайынұлы; байланыстар: Кисманова Әлия Нұрадинқызы, телефон нөмірі: +7 701 212 99 12, электрондық мекенжайы: aliya.kismanova@gmail.com. «ГеоПроект» ЖШС байланыс деректері қосымша ақпарат пен құжаттардың көшірмелерін алу үшін қолданылады. 

Қоғамдық тыңдауларды қоғамдық талқылау түрінде үйлестіруге жауапты жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы көшесі, 5Б мекенжайы бойынша 305-кабинетте және де 8 (7182) 32-16-81 телефон нөмірі, kense.dpr@pavlodar.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылдайды. 

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу