«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
11.09.2025
56 просмотров
«ПМХЗ» ЖШС-ның экологиялық тиімділігін арттыру 2025 жылы «ПМХЗ» ЖШС-ның өндірістік қондырғыларында өткізілген жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстары (ЖПЖЖ) техникалық жаңғыртудың маңызды кезеңі ғана емес, сондай-ақ Павлодар мұнай-химия зауытының өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудағы жауапты ұстанымының үлгісі болды.


Жұмысты өндірістік және экологиялық қауіпсіздікке басымдық бере отырып ұйымдастыру 

ЖПЖЖ кезінде мердігерлік ұйымдардың 1949 қызметкері жұмысқа жұмылдырылды. Барлық тартылған жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «ПМХЗ» ЖШС жөндеу жұмыстарына рұқсат беру рәсімдерін әзірлеп, оларды қолданысқа енгізді. Сонымен қатар  нұсқамалар өткізіп, қауіптілігі жоғары жұмыстардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастырды.

ЖПЖЖ кезіндегі экологиялық маңызы бар іс-шаралар

• Жылу алмастырғыштардың 12 түтікшелі шоғы ауыстырылды. Бұл технологиялық орталардың ағып кетуі кезінде шығарындылар қаупін азайтуға мүмкіндік берді.
• Пештерге 18 жаңа жанарғы орнатылды. Бұл құрылғылар азот тотығы (NOx) мен көміртек тотығы (CO) шығарындыларын азайтуға жағдай жасайды.
• Иректүтіктер мен трансферлік желілерге гидромеханикалық және гидродинамикалық тазалау жүргізіліп, қызып кету мен шөгінділердің жиналуынан болатын апаттық шығарындылардың алдын алу шаралары жүргізілді.
• Қазандықтардың, соның ішінде түтін газдарының бу-қазандық-утилизаторларының қаптамалары жөнделді. Нәтижесінде жабдықтардың тұмшалылығы артты, жылу шығындары қысқарып, атмосфераға кетуі мүмкін рұқсатсыз шығарындылардың алдын алды.
• Майлау жүйелері мен жылу алмастырғыштарды жуу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
• Компрессорлық агрегаттардың майына көпсатылы сүзгілеу жасалды. Бұл тек жабдықтың қызмет мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар май өнімдерінің қоршаған ортаны ластау қаупін болдырмауға мүмкіндік берді.


Зауыттың экологиялық күн тәртібіне балаларды тарту

2025 жылдың мамырында «ПМХЗ» ЖШС кәсіпорын мен сервистік компания қызметкерлерінің 7–12 жас аралығындағы балалары арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үйрету мақсатында сурет байқауы ұйымдастырылды. Шығармашылық жарыстың тақырыбы «Таза Қазақстан» концепті болды.
Байқауға 53 бала қатысып, табиғатты қорғау, экожүйелерді сақтаудағы адамның рөлі мен табиғи ресурстарға ұқыпты қараудың қажеттілігін өз көзқарастарымен бейнелеген жұмыстарын ұсынды.
Сайыс қорытындылары Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жарияланды. Жеңімпаздар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болып,  үздік жұмыстар зауыт аумағында және корпоративтік әлеуметтік желі парақшаларында орналастырылды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін зауыт бойынша экскурсия ұйымдастырылып, шара соңында дастархан жайылды.


Экономикалық әсері және ресурстарды үнемдеу

ЖПЖЖ кезінде жүргізілген жұмыстардың арқасында айтарлықтай экономикалық әсерге қол жеткізілді: жабдықтарды жаңарту және құрылғылардың тиімділігін арттыру қосымша реагенттер мен электр энергиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге бұл шаралар кәсіпорынның көміртегі ізін төмендетуге ықпал етті.
2025 жылғы ЖПЖЖ кезеңіндегі барлық жоспарланған жұмыстардың сәтті аяқталуы экологиялық қауіпсіздік пен техникалық тиімділікті қатар қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеді. Апаттық жағдайларды азайту, өнеркәсіптік шығарындыларды бақылау, моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты ауыстыру, заманауи бақылау және диагностика әдістерін қолдану – мұның бәрі мұнай өңдеу өндірісінің экологияға тигізетін теріс әсерін азайтуға бағытталған.
«ПМХЗ» ЖШС өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға берік ұстанымын көрсетіп, қоғам, қадағалау органдары мен серіктестер тарапынан сенім деңгейін арттырып келеді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Қоршаған ортаны қорғау қызметі,
Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 
Фото – Вадим Бердников, Екатерина Лобашевская
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу