«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
17.09.2025
1 просмотр
ПМХЗ-да SENIM-D жобасы жүзеге асырылады Павлодар мұнай-химия зауытында жаңа инвестициялық SENIM-D жобасын іске асыру басталды. SENIM-D жобасы аясындағы іс-шаралар зауыт жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттырып, жөндеуаралық кезеңді ұзартуға мүмкіндік береді.
Жоба аясында МТӨӨ құрамындағы каталитикалық крекинг шикізатын гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг пен ректификация қондырғысы, абсорбция және газфракциялау қондырғысы қайта жаңғыртылады.

Каталитикалық крекинг шикізатын гидротазалау қондырғысын реконструкциялау нәтижесінде ауыр кокс газыойлын өңдеу техникалық мүмкіндігі пайда болып, мұнай өңдеудің тереңдігін және жеңіл мұнай өнімдерінің шығымын 1,6%-ға арттыруға жол ашылады.
Жобаның бас мердігері – «AVC Production» ЖШС, әзірлеушісі – «ЭОН Энерго» ЖШС. «AVC Production» ЖШС, OTQ Ltd. компаниясы және «C-NRG» ЖШС кіретін консорциум МТӨӨ аумағында жобаны жүзеге асыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізеді.

2025 жылдың 13 тамызында жоба бойынша бастапқы кеңес өтті. Онда негізгі стратегиялық шешімдер қабылданып, басты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ «ПМХЗ» ЖШС мен «AVC Production» ЖШС тарапынан жобаны басқару жөніндегі жұмыс тобының құрамы анықталды. Бұдан бөлек, жобаны іске асыру кезінде жұмыстарды орындау мен жабдықтар мен материалдарды жеткізу кестесі, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау шаралары талқыланды.

«ПМХЗ» ЖШС –ның Жұртшылықпен  байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу