«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
23.09.2025
22 просмотров
ПМХЗ бас директоры 2025 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша есептік кездесу өткізді 2025 жылдың 27 тамызында «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Маждай Ахметов зауыттың еңбек ұжымымен кездесті. Ол кәсіпорынның алғашқы жартыжылдықтағы өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің нәтижелерімен бөлісті.
Бас директор өндірістердің тиімді жұмысын атап өтті: жыл басында жеті айға қойылған мақсаттар толық орындалды, тіпті кейбір көрсеткіштер бойынша жоспардан асып түсті. Мысалы, ашық түсті мұнай өнімдерінің шығымы жоспардан 2,04%-ға жоғары болды, ал мұнай өңдеу тереңдігі 91,81%-ға жетіп, жоспарлы мәннен 0,8%-ға артық көрсетті.

Сондай-ақ Маждай Мағауияұлы жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары кезінде ұжымның үйлесімді еңбегі үшін әріптестеріне алғыс айтты. Зауыт қызметкерлері мен мердігерлердің бірлескен күш-жігері арқасында жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімінен бұрын аяқталды.

Негізгі өндірісті қолдау үшін бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Олардың қатарында зауытты үшжылдық аралық жөндеу цикліне көшіру және мұнай өңдеу көлемін жылына 5,7 млн тоннадан 6,3 млн тоннаға дейін ұлғайту бар. Қазіргі уақытта мұндай көшуге қажетті іс-шаралар тізімі анықталып, жоба «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Инвестициялық комитетінің мақұлдауын алды.

Сонымен қатар бас директор өнертапқыштық тақырыпты талқылады. Маждай Мағауияұлы осы бағыттағы жұмыстың жалғасып келе жатқанын құптайтынын білдіріп, өнертапқыштық жобалардың қосарлы оң әсерін атап өтті: қызметкерлер кәсіби тұрғыда өседі және кәсіпорынның өнімділігі артады.
Кездесу соңында зауыттың әлеуметтік тынысы талқыға салынды. Бас директор өндірістен бөлек, ПМХЗ-ның корпоративтік саланы да жүйелі түрде дамытып жатқанын айтты. Кәсіпорын қызметкерлері үшін оқыту мен тренингтер, спорттық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл ұжымды біріктіруге, зауыт қызметкерлерінің белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға және мамандарымызға мансаптық өсуге жағдай жасауға ықпал етеді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Екатерина Лобашевская

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу