Халықаралық қарттар күні қарсаңында Павлодар мұнай-химия зауыты өзінің ардагерлеріне арналған мерекелік кездесу ұйымдастырды. Салтанатты жиын А.П. Чехов атындағы театрда өтіп, зауыттың техникалық директоры Сергей Петрук пен «ПМХЗ» ЖШС Ардагерлер кеңесінің төрайымы Галина Николаевна Кусова құттықтау сөз сөйледі.

