ПМХЗ «1 адам – 5 ағаш» экологиялық акциясына қатысты
23.10.2025
18 просмотров
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру бойынша «1 адам – 5 ағаш» челленджін қолдады. Акция аясында зауыт қызметкерлері терек көшеттерін отырғызды. Жас көшеттерге қажетті суару жұмыстары жүргізілді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «1 адам – 5 ағаш» экологиялық акциясын бастады.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық кампаниясы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Акцияның негізгі мақсаты – әр азаматты елді көгалдандыруға тарту, экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосу.
Бұл игі шара қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған.
ПМХЗ ұжымы аталған эстафетаны «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не жолдады! «ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі