Кубок үшін күрес өте қызуға түсті! Турнирге 12 команда қатысты.
Командалар 11 негізгі және 7 қосалқы ойыншыдан құралды. Финалдық ойынның нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
• Жеңімпаз әрі ПМХЗ Кубогы иегері - Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) командасы
• Екінші орын иегері - Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ) командасы
Жеке ойыншылардың жетістіктері де назардан тыс қалмады. Турнирдің үздік ойыншылары анықталды:
• Никита Вакула - үздік қақпашы
• Бағдат Уразалиев - үздік қорғаушы
• Владимир Носков - үздік шабуылшы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға үздік ойын және жеңіске деген ынтасы үшін алғысымызды білдіреміз!
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Бейнетүсірілім, монтажы –Мадина Олжабаева