Оқу-жаттығу орны болып BIG Capital IST аумағындағы газ толтыру станциясы (ГТС) белгіленді.
Аңыз бойынша, ГТС-да сұйытылған газдың ағып кетуі, жануы орын алып, соның салдарынан адам зардап шекті. Персонал жабдықты шұғыл түрде тоқтатып, адамдарды эвакуациялап, оқиға туралы хабарлады.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, газдан құтқарушылар, дәрігерлер мен күзетшілер келді. Өрт сөндірушілер өртті жойып, газдан құтқарушылар ауаны тексерді, дәрігерлер «зардап шеккен адамға» көмек көрсетті.
Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін нәтижелерді ПМХЗ, «BIG Capital IST» және «Семсер-Өрт сөндіруші» өкілдері талқылады: барлық қатысушылар тапсырмаларды сәтті орындады.
Компаниялар ТЖ-ға дайындығын сақтау үшін осындай оқу-жаттығуларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Екатерина Лобашевская