«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
27.04.2019
159 просмотров
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар мұнайхимия зауытына келді.

2019 жылғы 27 сәуірде ҚР Президенті Касым-Жомарт Тоқаев облыс бойынша жұмыс сапары шеңберінде Павлодар мұнайхимия зауытында болды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы кәсіпорынның ағымдағы қызметімен танысты. «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов жұмыс нәтижелері туралы баяндады. Баяндама барысында зауытта жаңғырту жұмыстарының аяқталғаны және өндірістік көрсеткіштер туралы айтылды.

Модернизациялау жобасын іске асыру нәтижесінде 2017 жылғы желтоқсанда екі жаңа технологиялық кешен салынып, пайдалануға берілді: изомерлеу және нафта сплиттері кешені, күкірт өндіру кешені қондырғылары.

Жалпызауыттық шаруашылық объектілердің 12 жаңа нысаны салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтар қайта жаңартылды: мұнайды бастапқы және терең   өңдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы.

Осы шаралардың барлығы каталитикалық крекинг қондырғысының шикізат көлемі бойынша 1350 мың тоннадан 1868 мың тоннаға дейін, К4, К5 экологиялық кластары бойынша ТР ТС 013/2011 Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес мотор отындарын өндіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ және   авиа отын өндірісін қайта жандандыруға мүмкіндік берді.

ПМХЗ-да технологиялық бизнес-үдерістерді жүргізу әдістеріне өзгерістер енгізілді, онда цифрлауға баса назар аударылды. 2018 жылдан бастап SpiralPlan өндірісті оңтайландыруды жоспарлау жүйесі іске асырылды, оның көмегімен 2019 жылы ПМХЗ жылдық өндірістік бағдарламасы жасалды, бұл кәсіпорынның операциялық шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жастар жылының аясында Мемлекет басшысы кәсіпорынның жас мамандарымен, кәсіптік шеберлік байқауының жеңімпаздарымен, LeanSixSigma әдісін қолданып, үнемді өндіріс жобаларын әзірлеушілермен, ПМХЗ жастар істері жөніндегі кеңестің мүшелерімен және «Жас Отан» жастар қанатымен кездесті.

Зауыттың жас мамандары ел басшылығының ұсынған әлеуметтік бастамаларына қолдау білдіре отырып, республикадағы барлық қоғам институттарын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу