ПМХЗ-ның бас директоры зауыттың жас мамандарымен қандай тақырыптарды талқылады
23.10.2025
3 просмотров
Кездесудің басты тақырыбы – кадрлық әлеуетті дамыту және зауыттың болашағындағы жастардың рөлі. ПМХЗ басшысы қатысушыларды өзін-өзі дамытуға, біліктілігін арттыруға және жеке мансаптық өсу жоспарларын құруға ерекше көңіл бөлуге шақырды.
Маждай Мағауияұлы білімге ұмтылыс пен бастамашылдық ПМХЗ-ны алға жылжытатын күш екенін ерекше атап өтті. Кәсіпорын басшысы бұл шара жастарды жаңа идеяларды күнделікті жұмысқа және Жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметіне белсенді енгізуге шабыттандырады деген сенім білдірді.
ПМХЗ жас мамандарды қолдауды және олар үшін пікір алмасу мен өсу алаңдарын құруды жалғастырып келеді. Алдағы уақытта да осы сияқты кездесулерді тұрақты түрде өткізу жоспарлануда. Оларға зауыттың жетекші мамандары шақырылып, жас әріптестер кәсіби даму бойынша сұрақтарын қойып, пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісе алады.
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Екатерина Лобашевская