«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
29.10.2025
3 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері мемлекеттік тіл бойынша білімдерін тексерді Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында зауыт  қызметкерлері үшін бірқатар тақырыптық іс-шаралар кешені өтті. Кешеннің бастамасы ретінде іс-шара қатысушылары Қазақстан халқының тілдері күніне орайластырып, зауыттың оқу орталығында жалпы диктант жазды. Бұл қазақ тілінде жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Диктант мақсаты – қазақ тілінің жалпыұлттық мәртебесін нығайту. Жасына және ұлтына қарамастан кез- келген қызметкер қатысып, қазақ тілінің грамматикалық жағын тексеруге мүмкіндік алды. Диктантты қазақ тілі пәнінің оқытушысы Гүлназ Әлімқанова өткізді.


Тапсырманы жақсы орындаған жұмыскерлерді атап өтейік. Олар: Бақыт Әліқұлов, Дидар Құланбаев, Сәуле Жақыпова, Айзада Әбілова, Маржан Ахметова, Ержанат Равдал, Әйгерім Садықова, Диана Қайркеш, Тимофей Денисенко, Александр Заболотный және Кирилл Заблоцкий.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі 
 Бейнетүсірілім – Асылжан Жеңіс

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу