Қыркүйек айының ортасында ПМХЗ ауқымды оқу-жаттығулары өтті: өрт сөндірушілер мұнай өнімдерін қотаруға-құюға арналған теміржол эстакадасында шартты өртті сөндіруге жаттықты. Мұндай оқу-жаттығулар зауыт қызметкерлері мен төтенше жағдай қызметкерлері нақты төтенше жағдайларға әрқашан дайын болуы үшін жүйелі түрде өткізіледі.


