«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
04.11.2025
1 просмотр
ПМХЗ қазақ тілін үйренушілер үшін салтанатты іс-шара өтті Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы аясында тақырыптық іс-шаралар легі жалғасуда. Осы ретте ПМХЗ өз қызметкерлері үшін «Тілді бірге үйренейік!» атты қазақ тілін үйренгісі келетіндерге арнал ПМХЗ қазақ тілін үйренушілер үшін салтанатты іс-шара өтті. Мұғалім Гүлназ Әлімқанова оқушыларға мемлекеттік тілді меңгеруге көмектеседі.

Курс сабақтары көтеріңкі көңіл күйде өтеді. Қызметкерлер грамматика мен лексикаға арналған тапсырмаларды орындап қана қоймай, интерактивті ойындарға қатысады, қазақ тілінде ән айтып, өлеңдерді жатқа оқиды. Курстар қазақ тіліндегі білімді тереңдетуге, тілдік ортаға етене араласуға, сондай-ақ жаңа таныстықтар орнатуға көмектеседі.


Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде оқу орталығында қазақ тілін үйренуіне жол бастап жүрген жаңа үйренушілерді курсқа қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті. Шараны тілді бұрыннан үйреніп келген қызметкерлер өткізіп, арнайы концерт пен театралдық қойылым әзірледі. Абайдың туғанына 180-жыл толуына орай ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.


Болашақ курс қатысушыларына сыйлықтар табысталды. Кездесу мемлекеттік тілді үйренуге шабыт беретін тағы бір маңызды себепкер болып, қатысушылармен жақынырақ танысуға мүмкіндік жасау болды.


«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу