«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan
06.05.2020
173 просмотров
Жеңіс күніне арналған айдар  «Батыр туысымыз»: Семен Мартынович Потапенко

Семен Мартынович Потапенко

Семен Мартынович Потапенко – ПМХЗ мұнайды терең өңдеу өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі Вячеслав Потапенконың атасы.

Семен Потапенко 1921 жылы 14 қыркүйекте Омбы облысының Называев ауданы, Кисляки селосында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысына қатысқан, жойғыш- ұшқыш болған.

Потапенко С.М. с товарищами по эксадрилье.Крайний справа.jpg

1942-1945 жж. Нормандия-Неман авиациялық полкінің құрамында соғысқан, Батыс және Үшінші Белоруссия майдандарында әскери операцияларға қатысқан.

Соғыстан кейін ол Кеңес Армиясының жойғыш авиация құрамында Қытайда соғысуды жалғастырды.

Потапенко С.М. в Китае.jpg

Денсаулығының нашарлауы және ұшақтарда ұшуға дәрігерлік тыйым салынғаннан кейін ол әскери штурман-оператор ретінде қызметін жалғастырды.

Потапенко С.М. штурман-оператор за работой.jpg

Зейнетке шыққаннан кейін ол суретші-әрлеуші болып жұмыс істеді.

Ол 2002 жылы 18 қыркүйекте Омбы қаласында 81 жасында қайтыс болды.

Соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен жауынгерлігі үшін жойғыш- ұшқыш медальдармен және ордендермен марапатталды. Семен Мартынович Потапенко - екі рет Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, «Германияны жеңгені үшін» медалімен, екі рет «Қытай-Совет достығы» медалімен, «Совет Армиясы мен Әскери-теңіз күшіне 30 жыл» медалімен, «КСРО Қарулы Күштеріндегі мінсіз қызметі үшін» медалімен, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40, 50 және 70 жылдығына арналған мерейтойлық , «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» медальдармен, «Жауынгер - интернационалист» төс белгісімен марапатталған.

Батырдың соңында 2 бала, 5 немере және 6 шөбере қалды.Олардың барлығы өмір және бейбіт аспан сыйлаған жанқиярлық бабаларын естерінен шығармайды.

Вячеслав Потапенко-2.jpg

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу