«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
07.11.2025
1 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері қаржылық сауаттылықты үйренді 2025 жылғы 28 қазаннан бастап 31 қазанға дейін ПМХЗ компаниясының қызметкерлері үшін қаржылық сауаттылықты арттыру тақырыбына семинарлар циклы ұйымдастырылды. Іс-шаралар қызметкерлерге жеке қаржыны тиімді басқару қағидаттарын меңгеруге және алаяқтық схемаларға қарсы тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Күн сайын оқуға жаңа қызметкерлер тобы келді, жалпы курс 500-ге жуық тыңдаушыны қамтыды. Сабақтар күн сайын сағат 8:30-дан 12:00-ге дейін өткізілді.

Семинардың арнайы спикерлері: С.Торайғыров атындағы университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Айгүл Қалиасқарова, Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Азат Шахманов; «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Павлодар филиалы №12 дербес орталығының бастығы Татьяна Литвин және «Халық Лайф» компаниясының өмірді сақтандыру агенті Эльмира Сұлтанова.

Бірінші спикер қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен таныстырды, екіншісі қаржы пирамидаларының тақырыбын және лудоманияның қауіптілігін ашып көрсетті, ал үшінші және төртінші баяндамашылар қарыздық жүктеменің тәуекелдерін талқылап, ақшалай қаражатты сақтау бойынша банк құралдар туралы сөз қозғады.

Мұндай оқу бастамасы - мұнай өңдеу саласы қызметкерлерінің қаржылық тұрақтылығын арттыру жолындағы қадамдардың бірі және ол елімізде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жалпыұлттық саясатқа сәйкес келеді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Анна Гронская
Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз! Жазылу