ПМХЗ жұмысметкері Георгий Гаглоев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
04.11.2025
1 просмотров
Республика күніне орай әріптесіміз – мұнай өнімдерін компаундтау және тиеп жөнелту өндірісінің аға операциялық үйлестірушісі Георгий Александрович Гаглоев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Салтанатты шара Естай атындағы Мәдениет сарайында өтті. Біздің әріптесімізбен бірге сахна төрінде аймақ пен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды.
Георгий Александрович Гаглоев өз еңбек жолын ПМХЗ-да №3 цехтың 400 учаскесінде (КТ-1) 4-разрядты технологиялық қондырғылар операторы болып бастаған. Оның өндірістегі еңбек өтілі – 33 жылдан асады. Бұл жылдар адал еңбек пен жоғары кәсібилікке толы.
Георгий Александровичтің еңбек жолында еліміздің мұнай-химия саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілген 8 корпоративтік және ведомстволық мерейтойлық медалі бар. Ал осы марапаттарына тоғызыншысы – «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі қосылды.
Мемлекеттік награданы әріптесімізге облыс әкімі Асаин Байханов табыстады. «ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Фото — Валерий Бугаев, Илья Величко