«ПАВЛОДАР МҰНАЙ-ХИМИЯ ЗАУЫТЫ» ЖШС slogan

Ашық түсті мұнай өнімдерін өндіру кешені – 2017 жылдың желтоқсанында пайдалануға енгізілген нафтаны бөлу блогымен (сплиттер) изомерлеу қондырғысына негізделген жаңа кешен. Изомерлеу және нафталық сплиттер қондырғысы бензиннің жоғары октанды компоненттерін, тауарлық изомерзат шығаруға арналған.

Құрамдастырылған қондырғы құрамына:

  • А100 Изомеризация (PENEX);
  • B300S нафта сплиттері кіреді.
Нафта сплиттері

B300S Нафта сплиттері гидротазартылған бензин фракциясын нафта гидротазалау қондырғысынан изомерлеу және каталитикалық риформинг қондырғылар үшін шикізат ретінде жеңіл және ауыр бензинге бөлуге арналған. Өнімділігі - жылына 1961 мың тонна.

Изомерлеу қондырғысы

А100 изомерлеу қондырғысы (UOP компаниясы лицензиялық үдеріс) изомерат - хош иісті көмірсутектердің, бензол мен олефиндердің құрамында аз бензиннің жоғары октанды компоненттерін өндіруге арналған.