Павлодар мұнай-химия зауыты «Smart Plastic Zone» республикалық экологиялық бастамасы аясында «алтын» ерекшелік белгісіне ие болды. ПМХЗ пластик қалдықтарымен ластану деңгейін төмендету мәселесін жүйелі түрде шешіп жатқан кәсіпорындардың бірі ретінде танылды. Өнеркәсіп нысанында қоқыс сұрыпталып қана қоймайды: мұнда қоршаған орта үшін экологиялық жауапкершілік мәдениеті қалыптасуда.
Ertis TV өңірлік телеарнасындағы «Еңбек. Білім. Құрмет» бағдарламасының кейіпкерлері ПМХЗ-ның үш қызметкері — Мақсим Быченко, Сергей Шубников және Ерлан Шахмарданов болды.
Павлодар облысы "Ertis TV" телеарнасында "Телецентр" бағдарламасының тікелей эфирінде ПМХЗ қызметкерлері - техникалық бөлім бастығының сапа жөніндегі орынбасары, инженер-технолог Марина Санникова, 5-разрядты компрессорлық қондырғыларының машинисі Бауыржан Искаков, 5-разрядты технологиялық сорғылар машинисі Ерлан Тамемов зауыттағы жұмыс туралы баяндап берді.
Биыл өндірісте қызмет ететін жұмысшылардың еңбегі еленіп, көпшілік техникалық мамандықтарға қызығушылық танытып келеді. Неге десеңіз, ауыр саланы бағындыра білсең, мәртебесі артып келе жатқан қызметтің арқасында зор жетістікке жетуге болады. Павлодар мұнай-химия зауытында тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы бойынша жеті жылдай еңбек етіп келе жатқан Бақдатгүл Кенженова қызметімен өндірістегі қоғамдық өмірді қатар алып жүрген белсенді жастардың бірі.
Биыл өндіріс саласында еңбек етіп жатқан жастардың кәсібі қоғам арасында жан-жақты танылып келеді. Бұл жылдың арналуына байланысты жұмысшы мамандықтардың мәртебесі артып, өскелең ұрпақтың техникалық қызметке қызығушылықтарын арттырып, мамандық таңдауына әсер ететіні сөзсіз. Осы ретте, Павлодар мұнай-химия зауытының қызметкері, спорттық сайыстардың жеңімпазы Қаныш Демесинов мансап жолындағы қызықты да қиын сәттерімен бөлісті.