Сахна төрінен ұжымның әйелдер қауымына арналған алғыс пен құрмет сөздері айтылып, талантты әртістер өздерінің шығармашылық нөмірлерімен мерекелік көңіл күй сыйлады.
Лариса Валерьевна Гранкинаның еңбек жолы — бұл өндіріс табалдырығын перфокарталар мен ауқымды ЭЕМ (электрондық есептеуіш машиналар) заманында аттап, бүгінде мұнай өңдеу кәсіпорнының цифрлық трансформация орталығында еңбек етіп жүрген жанның ғибратты жолы.
Павлодар мұнайхимия зауытында Бас директор еңбек ұжымының алдында жыл қорытындысы бойынша есеп берді. Іс-шара «ПМХЗ» ЖШС-ның бірыңғай ішкі коммуникациялар жүйесі туралы Қағидаларға сәйкес өткізілді. Маждай Ахметов 2025 жылға арналған өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары туралы баяндама жасады.
2026 жылғы 15 ақпанда Павлодар облысы Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында «Мұзды қармақ – 2026» қармақпен қысқы спорттық балық аулау бойынша I Кубогы «ПМХЗ» ЖШС қызметкерлері арасында өтті. Іс-шараны «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподағы» ҚБ ұйымдастырды.
2016 жылдан бастап, 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі – бұл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тығыз байланысты және елдегі бірлік пен келісімнің басты символына айналды.
Павлодар мұнайхимия зауытында жұмыс ұжымымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мүдделер қақтығысын реттеу мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын іске асыру аясында ұйымдастырылып, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталды.